Шведова Диястан кейін Australian Open-нің екінші айналымына шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шведова Диястан кейін Australian Open-нің екінші айналымына шықты

Шведова Диястан кейін Australian Open-нің екінші айналымына шықты

 Қазақстандық Ярослава Шведова Мельбурн қаласында өтіп жатқан «Үлкен шлем» топтамасындағы маусымның бірінші жарысы -  Австралияның теннис бойынша ашық чемпионатының (Australian Open) екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.

  • 19 Қаңтар 2015
  • 446
Фото - Caravan.kz

Бірінші айналымда WTA рейтингісінде 63-ші орында тұрған Ярослава Шведова жарыстың 16-шы ракеткасы, Чехия спортшысы Люси Шаваржовамен кездесті. Қазақстандық теннисші бірінші партияны 6:4 есебімен ұтса, екіншісінде 2:6 есебімен жеңіліп қалды.

Соңғы сетте 4:2 есебімен жеңіп жатқан Шведова үш еселік брек-пойтқа ие болса да, оны іске асыра алмады. Дегенмен, қазақстандық спортшы матчты жеңіске дейін жеткізе алып (8:6), ары қарай өте алды. Келесі айналымда ол Пуэрто-Рико спортшысы Моника Пуитпен ойнайды.

Бұған дейін Australian Open-нің бірінші айналымнан қазақстандық теннисші — Зарина Дияс табысты өткен еді. Қазақстанның бірінші ракеткасы Польша спортшысы Урсула Радваньскаяны 3:6, 6:4, 6:2 есебімен ұтты. 


Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера