Еске салайық, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармалары мен Қазақстандағы спорт федерациялары өкілдерінің басын қосқан кеңеске ҚР Вице-Премьері Бердібек Сапарбаев қатысқан болатын.
Министрдің сөзіне қарағанда, бүгінгі күні қоғам алдындағы аса өзекті әрі әлеуметтік міндеттердің бірі қысқы спорт түрлерін дамыту болып табылады. Тоқтала кететін жайт, қазіргі таңда елімізде қысқы спорттың 15 түрі бойынша 8 федерация мен 2 қауымдастық қызмет етіп келеді.
«Бүгінгі күні коньки тебушілердің клубын құру мәселесі өзекті болып отыр. Ал мұндай ілкі жобаларды жүзеге асыру келешекте қысқы олимпиада ойындарына қазақстандық спортшылардың дайындық сапасын арттырады. Әлбетте, «Самұрық-Қазына» қорының қолдауынсыз бұл жобаларды жүзеге асыру мүмкін емес», — деді министр.
Оның айтуынша, ұзақ уақыт бойы бұл мәселені шешу тиісті деңгейде атқарылған жоқ. «Тіпті ұлттық әл-ауқат қорының қолдауынсыз бұны жолға қою қиын», — деді А. Мұхамедиұлы.