«Жарыстарға әлемнің жеті елі – Швеция, Австрия, Германия, Ресей, Чехия, Финляндия, Қазақстан атынан 18 мұз гладиаторы қатысады, деп «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне бүгін Қазақстан автомотожарыс федерациясы мәлімдеді.
Спидвейден әлем чемпионатының кезеңі соңғы рет 1992 жылы «Медеу» мұз айдынында өткен және алматылықтар мен оңтүстік астана қонақтарының үлкен қызығушылығын туғызған болатын.
2015 жылы мотожарыстан әлем чемпионатының ақтық сыны бес кезеңмен өтеді.