Спорттық шара «Сұңқар» халықаралық тау шаңғысы кешені аумағында өткізіледі, деп хабарлайды Алматы қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасынан, делінген қала әкімдігінің ресми сайтында.
Алматы 32 елден келетін 570-тен астам спортшыны қабылдайды. Бұл спорттық шараға 560 ерікті тартылған және әлемнің 30-дан астам БАҚ өкілі аккредитацияланған.
Дүбірлі дода 1 ақпаннан бастап ойынның соңғы күні — 8 ақпанға дейін 240 миллион көрермені бар «Еуроспорт» телеарнасында тікелей эфирден берілетін болады.
Жасөспірімдер арасында өтетін шаңғы жарысы түрлерінен Әлем чемпионатының салтанатты ашылуы 2 ақпан күн Республика сарайы алдындағы Абай алаңында сағат 20.00-де өтеді.