Биылғы тамызда Астанада әлемнің ең танымал дзюдошылары жиналады - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биылғы тамызда Астанада әлемнің ең танымал дзюдошылары жиналады

Биылғы тамызда Астанада әлемнің ең танымал дзюдошылары жиналады

 Тамыз айында Қазақстанда Дзюдо күресінен ересектер арасындағы Әлем чемпионаты өтеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Дзюдо федерациясының бірінші вице-президенті Марат Мықтыбеков мәлім етті.

  • 2 Ақпан 2015
  • 315
Фото - Caravan.kz

Ағымдағы жыл  «Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы мен Дзюдо федерациясы үшін өте маңызды жыл ретінде белгіленіп отырғандығына тоқталған М. Мықтыбеков, «Биыл тұңғыш рет Қазақстанда, атап айтқанда Астанада Дзюдо күресінен ересектер арасындағы Әлем чемпионаты өтеді. Тамыз айының 25-і 30-ы аралығында елордамызға әлемдегі ең танымал спортшылар жиналады. Чемпионатқа әлемнің 100-ден астам елі қатысады деп күтілуде»,-деді.

Осы орайда ол  осы чемпионатқа былтырдан бері қызу дайындық жүріп жатқандығын атап өтті. Бұл бағытта әлем біріншілігінің сайты іске қосылды.


Сонымен қатар федерация өкілі бүгінде Қазақстанда спорттың осы түріне арналған жаттығу өткізетін базалардың саны артып келе жатқандығын, осы бағытта биылдың соңына дейін Алматы қаласындағы Дзюдо орталығы пайдалануға берілетіндігін жеткізді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера