Головкин Мюррерді бесінші раундта нокаутқа түсіреді - америкалық БАҚ - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Головкин Мюррерді бесінші раундта нокаутқа түсіреді - америкалық БАҚ

Головкин Мюррерді бесінші раундта нокаутқа түсіреді - америкалық БАҚ

 Орта салмақтағы WBA (Super), IBO және WBC (Interim)  нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин  мен  WBC титулының міндетті үміткері британдық Мартин Мюрреймен арадағы айқас танымал америкалық Bleacher Report сайтының болжамынша, ақпандағы ең басты жекпе-жектердің тізіміне енді.

  • 3 Ақпан 2015
  • 329
Фото - Caravan.kz

32 жастағы Головкин мен оның құрдасы  Мюррей  21 ақпанда Монакода Salle des Étoiles аренасында кездеседі.  Жекпе-жекті НВО телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Bleacher Report-тың болжамы бойынша, қазақстандық боксшы қарсыласын бесінші раундта нокаутқа  жібереді. 

Айта кетер жайт, алдағы айқас екі спортшының да кәсіби рингтегі 32-інші кездесуі болмақ, деп хабарлайды  Vesti.kz.

Бұған дейін Головкин: "Мюррей — қатал әрі қауіпті қарсылас. Бұл әзілім емес. Алдағы айқас екеуміз үшін де оңайға соқпасы анық. Мюррей таяуда Серхио Мартинес, Феликс  Штурмамен екі  қатал жекпе-жектен өтті. Мұндай мықты қарсыласпен айқасқа шығу маған нағыз сынақ болары сөзсіз", — деген болатын. 


Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера