Дәурен Елеусінов АҚШ-тағы келесі жекпе-жекті наурыз айында өткізеді - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+4 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дәурен Елеусінов АҚШ-тағы келесі жекпе-жекті наурыз айында өткізеді

Дәурен Елеусінов АҚШ-тағы келесі жекпе-жекті наурыз айында өткізеді

Қазақстанның кәсіпқой боксшыларының бірі Дәурен Елеусінов келесі жекпе-жегін наурыз айының басында АҚШ-та өткізеді, деп хабарлады boxingnews.kz. 

  • 5 Ақпан 2015
  • 306
Фото - Caravan.kz

«Дәурен қазір Астана қаласында. АҚШ-тағы алғашқы сайысынан кейін елге оралды. Жақында тағы да мұхит аспақ. Өзімен бірге отбасын да ала кетуді жоспарлап отыр. Ол қазір іскерлік визаны күтуде, бұған дейін саяхатшы ретінде барды. АҚШ-тағы екінші жекпе-жегі 6 наурызда өтеді. Қарсыласы әзір анықталған жоқ», -деді боксшының ағасы Данияр аталған сайтқа берген сұхбатында. 

Еске сала кетейік, Нью-Йорк қаласында 2014 жылы желтоқсан айының 3-і күні Дәурен кәсіби рингте алғашқы жекпе-жегін өткізген болатын. Онда ол америкалық жас боксшы Энтони Мэддонды бірінші раундта нокаутпен жеңген болатын.


Қаңтар айының басында спортшымыз кәсіби боксте ең ықпалды менеджер Эл Хэймонмен келісімшартқа отырды. 

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера