Руслан Мәдиев қарсыласынан 100 грамм жеңіл болып шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+4 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Руслан Мәдиев қарсыласынан 100 грамм жеңіл болып шықты

Руслан Мәдиев қарсыласынан 100 грамм жеңіл болып шықты

Қазақстандық боксшы Руслан Мәдиев АҚШ-ғы жекпе-жегінің қарсаңыңда өлшеу процедурасынан өтті, деп хабарланды GGG тобының ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

  • 5 Ақпан 2015
  • 306
Фото - Caravan.kz

Руслан Мәдиев шаршы алаңға кубалық Майкл Перес пен американдық Дарнелл Уилсонның арасындағы жекпе-жектің алдында шығады. Ол 5 ақпан күні Калифорнияда өтеді. Жеңіл салмақтағы төрт раундтық айқаста қазақстандық спортшының қарсыласы Америка боксшысы Карлос Санчес болмақ.

22 жастағы Руслан Мәдиевтің салмағы 62,1 келі, ал оның қарсыласы 100 грамға ауыр болып шықты.

Руслан Мәдиев үшін бұл кәсіби рингтегі үшінші, АҚШ-ғы екінші жекпе-жек. Бұған дейінгі екі кездесуде қазақстандық боксшы жеңіске жеткен болатын. Карлос Санчестің үлесінде де екі жекпе-жек бар, екеуінде де ол жеңіліп қалған. 


Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера