Қазақстанның үш бірдей теннисшісі Паттайяда өтетін халықаралық турнирге қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+7 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның үш бірдей теннисшісі Паттайяда өтетін халықаралық турнирге қатысады

Қазақстанның үш бірдей теннисшісі Паттайяда өтетін халықаралық турнирге қатысады

Қазақстанның үш бірдей спортшысы Таиландтың Паттайя қаласында 9-15 ақпан аралығында өтетін теннистен халықаралық турнирге қатысады.

  • 9 Ақпан 2015
  • 401
Фото - Caravan.kz

Чемпионат.ком сайтынан алынған мәліметке қарағанда, Қазақстанның бірінші, осы турнирдің үшінші ракеткасы Зарина Дияс алғашқы айналымда словакиялық Даниэла Гантуховамен күш сынасады. Биыл Зарина Австралияның Хобарт қаласында өткен жарыста Даниэланы 7:5, 6:1 есебімен ұтқан болатын.

Еліміздің екінші, Паттайя турнирінің бесінші ойыншысы Ярослава Шведова Израиль елінің өкілі Шахар Пеэрмен шеберлік байқасады. Егер қазақстандық теннисшілер алдағы матчтарын сәтті өткізсе, ширек финалда өзара кездеседі.

Қазақстанның тағы бір теннисшісі Юлия Путинцева бұрынғы отандасы, ресейлік Евгения Родинамен кортқа шығады.

Паттайя турнирінің жүлде қоры — 250 мың АҚШ доллары. Оған қытайлық, Австралия ашық чемпионатында Я.Шведованың жолын кескен Пэн Шуай, украиналық Элина Свитолина, кезінде мықтылардың қатарында жүрген ресейлік Вера Звонаревалар қатысып, бақ сынайды.


Айта кетейік, өткен аптада Қазақстанның теннистен әйелдер құрамасы азиялық командалар арасында Федерация кубогының финалына дейін жетіп, онда жапониялықтарға есе жіберген болатын. Онда З.Дияс, Я.Шведова, Ю.Путинцеваның үшеуі де өнер көрсеткені белгілі.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера