ВОЛЕЙБОЛ: Шиндин турнирі мәресіне жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 497.33
  • 586.7
-4 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ВОЛЕЙБОЛ: Шиндин турнирі мәресіне жетті

ВОЛЕЙБОЛ: Шиндин турнирі мәресіне жетті

Қызылорда қаласы «Сейхун» спорттық-сауықтыру кешенінде волейболдан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, профессор Николай Шиндинді еске алуға арналған ерлер арасында волейболдан республикалық турнир өтті, деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.

  • 10 Ақпан 2015
  • 387
Фото - Caravan.kz

Осымен оныншы мәрте ұйымдастырылған турнирге Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарынан, Қызылорда, Байқоңыр қалаларынан және Сырдария, Жаңақорған аудандарынан  8 команда сынға түсті.

2 күнге созылған жарыстың финалында жергілікті облыстық сот  командасы «Қорқыт Ата атындағы ҚМУ» командасын 3:0 есебімен жеңіп, турнир жеңімпазы атанды.  Тараздың «Тараз-ТАРМУ» командасы үшінші орынды иеленсе, оңтүстікқазақстандық «Қарабұлақ» командасы төртінші орынды қанағат тұтты.

Турнирдің үздіктері:

Үздік ойыншы —  Ғалымжан Әбілдаев (Тараз-ТАРМУ)

Ең жас дарынды ойыншы — Сәбит Әбдібек (Қорқыт Ата ҚМУ)


Үздік шабуылшы — Абзал Жақапбаев (Қорқыт Ата ҚМУ)

Үздік қорғаушы — Әлішер Әлжан (Жаңақорған ауданы)

Үздік үйлестіруші — Әлімжан Абдраймов (Қарабұлақ)

Үздік либеро — Нұрлан Абатов (Облыстық сот)

Үздік жаттықтырушы  — Ғани Өскенәлиев (Тараз)

Әділ төреші — Ғалым Әбдірейімов (Жаңақорған ауданы)

Турнирде жеңімпаз және жүлдегер атанған командаларға диплом, медаль, естелік сыйлықтар табыс етілді. 

null