З.Дияс Дохада А.Петковичпен тағы кездесе ме? - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+6 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
З.Дияс Дохада А.Петковичпен тағы кездесе ме?

З.Дияс Дохада А.Петковичпен тағы кездесе ме?

Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс Катардың Доха қаласында 23-28 ақпан аралығында теннистен өтетін халықаралық турнирге қатысады.

  • 23 Ақпан 2015
  • 380
Фото - Caravan.kz

Чемпионат.ком сайтынан алынған мәліметке қарағанда, Зарина бірінші айналымда өзінен бір жас кіші, 1994 жылғы тунис қызы Онс Жабермен күш сынасады. Егер екінші айналымға өтсе, З.Дияс тағы да германиялық Андреа Петковичпен кездесіп қалуы мүмкін. Зарина осының алдында Дубайда өткен турнирде әлемнің оныншы ракеткасын жеңіп кеткен болатын.

Айта кетейік, жүлде қоры 731 мың АҚШ долларына тең Доха турниріне чехиялық Петра Квитова, даниялық Каролина Возняцки, поляк Агнешка Радваньска сынды әлемнің маңдайалды теннисшілері қатысады. Ал Дубай турнирінің жеңімпазы атанған румыниялық Симона Халеп жарақатына байланысты Дохада ойнаудан бас тартты.


Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера