Зарина Дияс әлемдік рейтингте 2 сатыға жоғарылады - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+6 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Зарина Дияс әлемдік рейтингте 2 сатыға жоғарылады

Зарина Дияс әлемдік рейтингте 2 сатыға жоғарылады

Қазақ теннисшісі Зарина Дияс әлемдік рейтингте 33-орыннан 31-орынға көтерілді. Бұл туралы alaman.kz сайты хабарлады.

  • 23 Ақпан 2015
  • 371
Фото - Caravan.kz

Ол осы аптада Дубайдағы жарыстың үшінші кезеңіне дейін жеткені үшін рейтингіне 105 ұпай қосылды. Қазір Дияста 1495 ұпай бар. Ол енді 23 ақпанда басталатын Qatar Open жарысына қатысады.

Алғашқы кезеңде тунистік 20 жастағы Унс Жабирмен (127) кездеседі. Оны жеңсе, германиялық Андреа Петковичпен (10) ойнайды. Дияс пен Петкович өткен аптада Дубайдағы жарыстың екінші айналымында ойнап, қазақ теннисшісі екі сетте жеңіске жеткен.

Рейтингке қайта оралсақ, Ярослава Шведова 53-орыннан 52-орынға жоғарыласа, Юлия Путинцева 110-орыннан 112-орынға сырғыды.


Ерлер рейтингінде Михаил Кукушкин 57-ден 58-орынға төмендеген. Ал Андрей Голубев — 81-орыннан 108-орынға, Александр Недовесов 116-орыннан 131-орынға бір-ақ түсті.

Андрей Голубев 23 ақпанда басталатын Дубайдағы жарысқа қатысады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера