Дэвис кубогы: Қазақстан Италия құрамасымен кездеседі - kaz.caravan.kz
  • $ 497.33
  • 586.7
+4 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дэвис кубогы: Қазақстан Италия құрамасымен кездеседі

Дэвис кубогы: Қазақстан Италия құрамасымен кездеседі

-Теннистен Қазақстан ерлер құрамасы 6-8 наурыз күндері Дэвис кубогының бірінші айналымында Италия құрамасымен кездеседі.

  • 27 Ақпан 2015
  • 355
Фото - Caravan.kz

Теннис матчы Астанадағы Ұлттық теннис орталығында өтеді. Қазақстан ерлер құрамасы қатарынан 5 жыл бойы әлемдік теннистің элитасына еніп, үздік ондықты қорытындылап тұр.

Бес жыл ішінде ерлер құрамасы үш рет турнирдің ширек финалына дейін жетті. Өткен жылы да ширек финалға жеткен Қазақстан құрамасы 3:2 есебімен болашақ чемпион Швейцарияға жол берген болатын.

Қазақстан құрамасы Дэвис кубогы додасында 19 жылдан бері, ал әлемдік топта 5 жыл қатарынан өнер көрсетіп келеді.