— деп хабарланды ВКонтакте-де GGG ресми парақшасында.
«Бұл маған жақсы сабақ болды. Бұдан чемпиондық титулды жеңіп алуға деген сенімім арта түспесе, кеміген жоқ. Жасым 32-де, кәсіпқой боксқа кеш ауыстым, сондықтан алда уақытым да көп. Бұл менің алғашқы күрделі жекпе-жегім болды. Әлемдік титулға жаңа қарқынмен шығуға мүмкіндік туады деп ойлаймын.
Головкин әр салмақтағы мықтылардың арасында деңгейі жоғары, үздік боксшы екеніне сөз жоқ. Орташа салмақта оны жеңетін боксшы бар дегенге сенбеймін. Головкин өткен айқаста менен үздік екенін жан-жақты дәлелдей білді», — деп Мюррейдің сөзін келтіреді Boxing Scene.