Бұған оның осы белдіктің енді бұрынғы иегері болып табылатын, қазақстандық чемпион Геннадий Головкинмен жекпе-жекке шығуға ықтимал болған үміткер — 28 жастағы ресейлік боксшы Дмитрий Чудиновты жеңуі септігін тигізді, деп хабарлайды allboxing.ru.
Алғашқы үш раунд аса тартысты өтті. Осы уақытта Чудиновтың сол жақ көзінің үсті жарылған. Төртінші раундтан бастап, кіші-Юбэнк ресейлік боксшыны соққының астына ала бастады.
12-ші раундта Юбэнк көптеген нақты соққылар беріп, шабуылын табысты өткізді. Чудинов аяғын әзер басып, соққы бермеген соң, рефери жекпе-жекті тоқтату шешімін қабылдады.