«Ол жеңістерге жету мен нокаутқа жіберудің нағыз шебері. Барлығы одан көп күш-жігер жұмсалатын әрі тартысты боксты күтеді, ал менің ойымша, оның әлеуеті әлдеқайда жоғары. АҚШ-та НВО арнасында жекпе-жегіміз өтуі тиіс болған. Американдықтар оны қалап тұрды, біз де қарсыласуға дайын болдық. Бірақ менің жарақатым кедергі болды. Біздің арамыздағы жекпе-жекті көпшілік әлі де күтуде. Арқамдағы ауырсыну басылса, боксқа тек Головкинмен жекпе-жекке шығу үшін ораламын», — деп келтіреді Д.Пирогтың сөздерін «Комсомольская правда» басылымы.
Пирог жарақаты салдарынан 2012 жылдан бастап жекпе-жекке шықпағанын атап өту керек. Головкин болса соңғы жекпе-жегін 22 ақпан күні Монакода өткізіп, онда 11-ші раундта британдық боксшы Мартин Мюррейді техникалық нокаутқа жіберіп жеңіске жеткен.