Дэвис кубогі: Қазақстан мен Италия командалары арасындағы қарсыластар анықталды (ФОТО) - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+7 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дэвис кубогі: Қазақстан мен Италия командалары арасындағы қарсыластар анықталды (ФОТО)

Дэвис кубогі: Қазақстан мен Италия командалары арасындағы қарсыластар анықталды (ФОТО)

Астанада Дэвис кубогінің 1/8 финалында шеберлік сынасатын қарсыластар жеребе тастау арқылы анықталды.

  • 5 Наурыз 2015
  • 424
Фото - Caravan.kz

Естеріңізге салайық, бұл жарыс осы демалыс күндері Қазақстан мен Италия командалары арасында Астанадағы Ұлттық теннис орталығында өтеді.

«Дэвис кубогіне 120-дан астам ел қатысады және біз Қазақстан мен Италия командаларының 1/8 ойындарындағы кездесуіне көрермен болуымыз көп нәрсені аңғартады. Біріншіден, бұл елімізде теннистің қандай деңгейде дамып келе жатқанын білдіреді, өйткені біз осы спорт түрін дамытуда көптеген жұмыстар атқарып жатырмыз. Тағы бір айта кететіні, 1922 жылдан бері Дэвис кубогіне қатысып келе жатқан Италия сияқты азулы команданы өз жерімізде қарсы алу біз үшін үлкен мақтаныш. Мықтысы жеңіске жетсін!» —  деп атап өтті ҚР теннис федерациясының бас хатшысы Әділ Бөрлібаев.

Жеребе қорытындысы бойынша кортқа алғашқы болып Михаил Кукушкин шығады. Ол италиялық Симоне Болелимен шеберлік сынасады. Дәл осы күні Андрей Голубев те  Андреас Сэппимен ойнайды.

6 наурызда Андрей Голубев пен Фабио Фоньини, сосын Александр Недовесов пен Паоло Лоренцци бақ сынасады.

8 наурызда Михаил Кукушкин мен Андрей Голубев италиялық теннисшілер Андреас Сеппи және Симоне Боллелимен жарысқа түседі.

Айта кетейік, Қазақстанның ұлттық ерлер командасы бес жыл қатарынан әлемдік теннис элитасының құрамына еніп, үздік ондықта тұрақтап келеді. 


Соңғы бес жыл ішінде ерлер құрамасы турнирдің ширек финалына 3 рет шықты. Былтыр да ширек финалға жолдама алып, 3:2 есебімен швейцарлықтарға жол берді. Олар өз кезегінде Дэвис кубогінің жеңімпаздары атанған болатын. Ал италиялықтар жартылай финалда Швейцария құрамасынан ұтылды.

Қазақстан Дэвис кубогіне осымен 19-рет қатысқалы отыр. Әлемдік топта — 5 жыл (2011 жылдан бері) қатарынан осы додаға атсалысып келеді.

Ойындар Астанадағы Ұлттық теннис орталығында 6-8 наурыз аралығында өтеді. 

3 

4 

5 

6 

7 

8

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера