ҚР паралимпиадашылары Испаниядағы чемпионатта 9 алтын медальға қол жеткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 497.33
  • 586.7
+3 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР паралимпиадашылары Испаниядағы чемпионатта 9 алтын медальға қол жеткізді

ҚР паралимпиадашылары Испаниядағы чемпионатта 9 алтын медальға қол жеткізді

Мадридте өткен жүзуден Испания ашық чемпионатында қазақстандық паралимпиадашылар 9 алтын, 6 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды.

  • 9 Наурыз 2015
  • 380
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы осы елден ҚазАқпарат ХАА-ның тілшісі хабарлайды.

«Басты мақсат Шотландияның Глазго қаласында өтетін әлем чемпионатына және алдағы жылы Рио-де-Жанейрода өтетін Паралимпиадалық ойындарға жолдама алу», — дейді ұлттық құраманың аға жаттықтырушысы Наталья Манохина.

Ол, сондай-ақ, бүгінгі таңда нормативті орындаған қос спортшымыздың бар екендігін де айтты. Олар — әлемнің алты дүркін рекордшысы Зульфия Габидуллина мен Азия Паралимпиадалық ойындарында 5 рет алтын медальды жеңіп алған Ануар Ахмедовтер.