ТЕННИС: З.Дияс әлемнің бірінші ракеткасы С.Уильямске жол берді - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+8 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТЕННИС: З.Дияс әлемнің бірінші ракеткасы С.Уильямске жол берді

ТЕННИС: З.Дияс әлемнің бірінші ракеткасы С.Уильямске жол берді

АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан теннистен халықаралық турнирде қазақстандық Зарина Дияс үшінші айналымда әлемнің бірінші ракеткасы Серена Уильямске жол берді.

  • 16 Наурыз 2015
  • 409
Фото - Caravan.kz

Чемпионат.ком сайтынан алынған мәліметке қарағанда, С.Уильямс 6:2, 6:0 есебімен жеңіске жетті.

Сөйтіп, Зарина әлемдік рейтингтің көш басында келе жатқан теннисшімен де кездесіп көрді. Бұған дейін ол өткен жылы қазір әлемнің үшінші ракеткасы, румыниялық Симона Халептен екі рет өте алмаса, биыл рейтингте екінші орындағы ресейлік Мария Шараповадан да жеңілді. Дегенмен биыл әлемнің үздік он теннисшісінің қатарына кіретін германиялық Андреа Петковичті ұтты.

Айта кетейік, Серена Уильмс Индиан-Уэллс турнирінде 2001 жылғы жарыста өзінің және апасы Винустың атына айтылған нәсілшілдік және «жартылай финалда келісіп, бірі екіншісіне жол берді» деген айыптау сөздерге байланысты содан бері бұл жарыстан бас тартып келген болатын. Биыл қайта оралған ол — чемпиондықтан басты үміткерлердің бірі.


Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера