Головкин-Мюррей жекпе-жегі 2015 жылдың бірінші тоқсанындағы мақтаулы алғашқы ондыққа енді - kaz.caravan.kz
  • $ 497.33
  • 586.7
-3 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Головкин-Мюррей жекпе-жегі 2015 жылдың бірінші тоқсанындағы мақтаулы алғашқы ондыққа енді

Головкин-Мюррей жекпе-жегі 2015 жылдың бірінші тоқсанындағы мақтаулы алғашқы ондыққа енді

 АҚШ-тың «BleacherReport.com» сайты 2015 жылдың бірінші тоқсанындағы үздік жекпе-жектердің ондығын атады.

  • 31 Наурыз 2015
  • 442
Фото - Caravan.kz

Алғашқы ондыққа Геннадий Головкиннің Мартин Мюрреймен болған жекпе-жегі де енді, деп хабарлайды Sports.kz. 

Аталған сайттың жазуынша, бұл жекпе-жек Геннадий үшін чемпиондық белбеу үшін жасаған тағы бір қадам болды. Бірақ, мықты Мартин Мюррей рингте аянбады. Мюррей Головкиннің бұған дейін кездескен қарсыластарының ең мықтысы болды.

Жекпе-жек оныншы раундта аяқталуы мүмкін еді. 11-ші раундта Мюррейдің әбден әлсірегенін түсінген рефери Луис Пабои жекпе-жекті раундтың аяқталуына 50 секунд қалғанда тоқтатты.