Germanwings ұшағының апатқа ұшырауынан болған шығын қанша соманы құрады? - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Germanwings ұшағының апатқа ұшырауынан болған шығын қанша соманы құрады?

Germanwings ұшағының апатқа ұшырауынан болған шығын қанша соманы құрады?

Немістің сақтандырушы концерні Allianz Germanwings лайнерінің ( Lufthansa әуе компаниясының еншілесі) 24 наурыз күні Францияда апатқа ұшырауы салдарынан келтірілген шығынды

  • 31 Наурыз 2015
  • 246
Фото - Caravan.kz


300 млн доллар деп бағалап отыр (шамамен 275 млн еуро), деп хабарлады Deutsche Welle.
Хабардар дереккөздердің айтуынша, 300 млн доллар деген төленетін соманың жобасы ғана, түпкілікті цифр бұдан не аз, не көп болуы ықтимал.
Сақтандырушының айтуынша, төлемнің басым бөлігі қаза болған 150 адамның туыстарына төленетін өтемақы. Бұл соманың ішіне іздеу операциясына жұмсалған қаржы мен құлаған ұшақ үшін өтемақы сомасы да енген. Лайнердің жұмыс істегеніне 24 жыл болғандықтан, ол небары 6,5 млн доллар деп бағаланып отыр.
Allianz –ұшақтарды сақтандырушылардың бірі, алайда ресми түрде не бұл концерн, басқа сақтандырушылар — америкалық AIG корпорациясы, швейцарлық Swiss Re компаниясы бұл жағдайға орай ой бөліскен жоқ.