Ақтөбе облысының тұрғыны ерекше көлік құрастырып шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысының тұрғыны ерекше көлік құрастырып шығарды

Ақтөбе облысының тұрғыны ерекше көлік құрастырып шығарды

Ақтөбе облысының тұрғыны ерекше көлік құрастырып шығарды. Нұрболат Төремұратов қыс түскенде қатынас тоқтайтын ауылындағы мәселені шешу үшін осындай техника ойлап тапқан. 

  • 1 Сәуiр 2015
  • 228
Фото - Caravan.kz

Қазір шебердің ерекше көлігіне көз тіккендер көп. Әсіресе ауылдастары оны жарты миллион теңгеге сатуға көндіре алмай жүр. Өйткені квадроцикл қалың қарда еркін жүйіткиді, суға батпайды. Ал қыста қар құрсауында қалып, көктемде айналасын су басатын Ебейті ауылындағылар үшін бұл таптырмас көлік. Оны құрастыру үшін трактор мен К-700-дің балонын, «Урал» мотоциклы мен «Москвичтің» бөлшектерін пайдаланған.

 Нұрболат Төремұратов, өнертапқыш:

-Көктемде суға, балшыққа айдаймын. Қыста қарға айдаймыз қатынасқа. Сол үшін ойлап шығардық осыны. Малымызды қараймыз, жылқыларымызды.