«Астана» мен «Қайрат» кездесуі өте тартысты өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Астана» мен «Қайрат» кездесуі өте тартысты өтті

«Астана» мен «Қайрат» кездесуі өте тартысты өтті

Елорданың «Астана Арена» стадионына жиналған жанкүйерлер ұлттық біріншіліктің 8 тур ойындары арасында өткен ең қызықты да тартысты кездесуді тамашалады.

  • 20 Сәуiр 2015
  • 365
Фото - Caravan.kz

Өйткені, алаңда жеңімпаз болуға басты үміткерлер «Астана» мен «Қайрат» командалары кездескен болатын.

Әуелі 11 минутта Георгий Жуков есеп ашты. Тоғыз минут өткенде «қайраттық» Жерар Гоу есепті теңестірді. Ал 37 минутта Бауыржан Исламхан өз командасын алға шығарды. Елордалық команданың жартылай қорғаушысы Неманья Максимович есепті теңестіре білді. Сөйтіп, екі команда 2:2 есебімен 15 минуттық үзіліске шықты. Ойынның екінші таймы да тартысқа толы болды. 67-ші минутта тағы да Жерар Гоу гол соғып, «Қайрат» командасын алға шығарды. Екі минут өткенде Бауыржан Жолшиев есепті теңестірді. Ал ойынның 82-ші минутында Елорда командасының шабуылшысы Таңат Нөсербаев жеңіс голын соғып, ойын нәтижесін 4:3 есебімен түйіндеді.


8-тур ойындарынан кейін 15 ұпай жинаған «Астана» командасы көш бастады. 14 ұпайлары бар «Қайрат», «Ақтөбе», «Ордабасы» командалары турнир кестесінің сәйкесінше екінші, үшінші, төртінші орындарына жайғасты.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера