ХОККЕЙ: Қазақстан элиталық дивизионға жолдама алды - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ХОККЕЙ: Қазақстан элиталық дивизионға жолдама алды

ХОККЕЙ: Қазақстан элиталық дивизионға жолдама алды

Хоккейден әлем чемпионатының І дивизионында сынға түсіп жатқан Қазақстан құрамасы элиталық топқа жолдама алды. Мұндай нәтижеге хоккейшілеріміз Польшамен болған төртінші ойыннан кейін қол жеткізді.

  • 24 Сәуiр 2015
  • 501
Фото - Caravan.kz

 Аталған кездесуде Қазақстан 3:2 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды egemen.kz. Ойынның бірінші кезеңінде есеп ашылған жоқ. Екінші кезеңде Қазақстан екі шайба соқса, қарсыластары бір нәтижелі соққымен жауап қайтарды. Алдымен, 30-минутта хоккейшіміз Роман Савченко өз басымдығын танытты. Ал арада 5 минут уақыт өткенде Роман Старченко есепті еселеді. Артынша, яғни, 36-минутта поляктар есеп айырмасын қысқартты. Мергендігімен көзге түскен — Бартоломей Поцеча. Шешуші кезеңде Польша сапынан Марцин Колуж еншісіне бір шайба жазды. 49-минутта Полуэктов қорғаған қақпаны дәл көздеген ол таразы басын теңестірді. Алайда, ойынның бітуіне 4 минут қалған кезде Роман Савченко дубльдің авторы атанып, командамызға маңызды жеңіс сыйлады. Осылайша сайыс барысында қатарынан төрт рет жеңіске жеткен Қазақстан құрамасы мерзімінен бұрын келесі жылы әлем чемпионатының элиталық дивизионында ойнау мүмкіндігіне ие болды.


 Айта кетейік, І дивизионның сайысы Польшаның Краков қаласында өтіп жатыр. Ол жерде «А» тобының құрамалары сынға түсуде. Осыған дейін Андрей Назаровтың командасы Украинаны 5:2, Венгрияны 5:0 және Жапонияны 7:2 есебімен жеңді. Төрт ойында мүмкін болған барлық 12 ұпайды иемденген құрамамыз топта жеке-дара көш бастап келеді. Екінші орынға 9 ұпаймен Венгрия жайғасса, үздік үштікті 6 ұпайы бар Польша түйіндеп тұр. Ал элиталық дивизионнан басты үміттілердің бірі болған Италия 5 ұпаймен 4-орында келеді. Сондай-ақ, Азиядағы негізгі қарсыласымыз Жапония да бар болғаны 5-сатыға табан тіреген. Олар 4 ойыннан 3-ақ ұпай жинады. Осыған дейінгі барлық матчта жеңілген Украина 1 ұпаймен ең төменгі орында тұр. Қазақстан соңғы ойынды 25 сәуірде Италияға қарсы өткізеді. 

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера