ФУТЗАЛ: Алматының «Қайраты» УЕФА кубогының жеңімпазы атанды! - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ФУТЗАЛ: Алматының «Қайраты» УЕФА кубогының жеңімпазы атанды!

ФУТЗАЛ: Алматының «Қайраты» УЕФА кубогының жеңімпазы атанды!

Португалия астанасы Лиссабонда УЕФА кубогы үшін өткен үздік төрт клуб турнирінде Алматының «Қайраты» жеңімпаз атанды.

  • 27 Сәуiр 2015
  • 396
Фото - Caravan.kz

Бразилиялық маман Какау жаттықтыратын алматылықтар соңғы сында Испанияның атағы жер жарған «Барселона» командасымен кездесті. Бірінші таймда «Қайрат» шеберлігі мен қайратының жоғары екендігін көрсете білді. 17-минутта қақпашы Игита бастаған әдемі комбинациядан кейін Умберто есеп ашты. Ал 19-минутта сол қанаттан суырылып шыққан Лукаян бірнеше ойыншыны өзімен бірге ала кетіп, қақпа шетінде жалғыз қалған Диванейге дәл пас берді. Диваней бұл мүмкіндікті мүлт жіберген жоқ.

Екінші тайм испандықтардың басымдылығымен басталып, «Қайрат» қорғануға мәжбүр болды. Қорғаушылар қапы қалған сәттерде Игита қақпасын аман сақтап, ерлік көрсете білді. Дегенмен 30-минутта испаниялықтардан Саад есепті қысқартты. Бірақ сәлден кейін қақпаға тура шыққан «Қайраттың» шабуылшысын шалып жыққан «Барселонаның» ойыншысы алаңнан қуылды. Осы басымдылықты сәтті пайдаланған Игор 32-минутта есепті 3:1-ге жеткізді. Дегенмен сәлден соң «Барселонадан» Лин есепті тағы қысқартты. Бұдан кейін испаниялықтар қаншама тырысқанымен, есеп өзгерген жоқ.

Сөйтіп, «Барселонаның» өзін 3:2 есебімен тізе бүктірген «Қайрат» УЕФА кубогын жеңіп алды. Бұл — алматылықтардың осымен екінші жеңісі.


Үшінші орын үшін бәсекеде Мәскеудің «Динасын» ұтқан Лиссабонның «Спортинг» командасы осы турнирдің қола жүлдесін иеленді.

Айта кетейік, соңғы үш жылда «Барселона» екі мәрте, «Қайрат» бір рет УЕФА кубогының жеңімпазы атанған болатын.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера