«Ғасыр жекпе-жегінде» Флойд Мэйвезер Мэнни Пакьяодан басым түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 497.33
  • 586.7
-4 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Ғасыр жекпе-жегінде» Флойд Мэйвезер Мэнни Пакьяодан басым түсті

«Ғасыр жекпе-жегінде» Флойд Мэйвезер Мэнни Пакьяодан басым түсті

Әлемнің ең үздік боксшысы кіші Флойд Мейвезер филиппиндік Мэнни Пакьяоны жеңді. 

  • 3 Мамыр 2015
  • 524
Фото - Caravan.kz

Лас-Вегастың MGM Grand аренасында өткен кездесу 12 раундқа созылды және 118-110, 116-112, 116-112 есебімен Флойд Мейвезердің жеңісімен аяқталды. Осылайша, ол өзінің еншісінде WBA және WBC белбеулерімен қатар, Пакьяоның WBO титулын да қоса алды. Мейвезердің бұл 48 жекпе-жектегі 48-ші жеңісі. Пакьяо болса, өз мансабында 6-шы рет жеңіліске ұшырады.
Бұның алдында хабарланғанындай, Мейвезер 180 млн. доллар алса, Пакьяо 120 млн. долларды иеленеді.

2 раундтық жекпе-жекті көптеген сарапшылар «ғасыр жекпе-жегі» деп атады. Екі үміткер барлық санаттардағы әлемнің үздік боксшысы атағын иелену үшін рингке шықты.


Жұдырықтасу кезінде Мэнни Пакьяо барынша белсенділік танытқанымен, қарсыласынан басым түсе алмады. Флойдтың дәлме-дәл соққылары оған бірінен соң бірі тиіп жатты. Пакьяо болса, қарсыласына тойтарыс беретіндей тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана алмады.