Мейвезер өзінің барлық чемпиондық белдіктерінен бас тартпақ - kaz.caravan.kz
  • $ 497.33
  • 586.7
-4 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мейвезер өзінің барлық чемпиондық белдіктерінен бас тартпақ

Мейвезер өзінің барлық чемпиондық белдіктерінен бас тартпақ

Әлемнің үздік боксшысы Флойд кіші Майвезер өзінің барлық чемпиондық титулдарынан бас тартауға уәде берді.

  • 4 Мамыр 2015
  • 325
Фото - Caravan.kz

Қазір америкалықта бес белдік бар: орташа салмақта WBA, WBC және WBO, бірінші орташа салмақта WBA және WBC белдігі.

«Дүйсенбі ме, бірнеше аптадан кейін бе әзірге білмеймін. Командаммен сөйлесіп, не істеу қажеттігін шешеміз. Сараңдық танытпай, басқа да боксшыларға мүмкіндік беру қажет. Екі түрлі санаттағы әлем чемпионымын. Алайда басқаларға да белдік үшін өз бақтарын сынауға мүмкіндік беруіміз қажет», — деген кіші Мейвезердің сөзін келтіреді ESPN.

Айта кетейік, өткен сенбі күні Мейвезер Мэнни Пакьяоны жеңіп, өзінің бесінші чемпиондық белдігін тақты.