еліміздің Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков мәлім етті.
БАҚ өкілдерінің сауалына орай ол 2017 жылы Алматыда өтетін Универсиада ойындарына дайындық толыққанды жүргізіліп жатқанын айтты.
«Бізде ешқандай дүрмек жоқ. Өйткені, бұған дейін біз Азиада ойындарын өткіздік және барлық нысандар қазіргі уақытта салынған. Қазіргі уақытта Алматыда 12 мың және 3 мың адамдық 2 стадион, сонымен қатар студенттер қалашығын салып жатырмыз. Негізінен бізде негізгі нысандардың барлығы дерлік дайын. Ешқандай проблема жоқ, қаржы бөлінуде, құрылыс жұмыстары белгіленген мерзімде жүзеге асырылуда», — деді С.Мұсайбеков.
Сонымен қатар ол 1-1,5 жылдан кейін 2017 жылғы Универсиада ойындарына еліміздің толық дайын болатындығын баса айтты.
Естеріңізге сала кетейік, 28-ші Бүкіләлемдік қысқа Универсиада Алматыда 2017 жылдың 28-ші қаңтары мен 8-ші ақпан аралығында өтеді. Универсиада бағдарламасына спорттың 13 түрі енген. Халықаралық спорттық шараның логотипі, нышаны және ұраны бекітілген. Универсиада 10 спорттық нысанда өтеді. Оның үшеуінің қазіргі уақытта құрылысы жүргізілуде.