Алматы әкімі UEFA кубогының иегерлерімен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы әкімі UEFA кубогының иегерлерімен кездесті

Алматы әкімі UEFA кубогының иегерлерімен кездесті

Бүгін Алматы әкімі Ахметжан Есімов 2 мәрте UEFA кубогын иемденген футзалдан Қазақстанның «Қайрат» командасының ойыншыларымен кездесті. 

  • 4 Мамыр 2015
  • 428
Фото - Caravan.kz

Қала әкімі команда ойыншыларын еуропалық турнирдегі жеңісімен құттықтап, ойыннан алған өз әсерімен бөлісті.

«Мен матчты басынан аяғына дейін теледидар арқылы тамашаладым. Ойын өте шиеленіске толы болды. Игитаға көп рахмет. Біздің қақпашымыз қақпамызды қорғай білді. Барлық ойыншы өте қызық ойын көрсетті. Бәрі де жеңіске лайық. Финалда Барселонаны тізе бүктіру оңай емес», — деді қала басшысы.

Өз кезегінде спортшылар дүбірлі додадағы жеңісін туған елі мен Мемлекет басшысына арнайтынын жеткізді.
«Мен сізді қала әкімі лауазымына тағайындалғаныңызбен құттықтағым келеді. Мен Қазақстанның азаматтығын алдым. Енді ұлттық құраманың намысын қорғайтын боламын. Мен үшін бұл үлкен мәртебе», — деді «Қайрат» клубының қақпашысы Игита.
Кездесу соңында спортшылар Лиссабоннан әкелінген UEFA кубогы мен турнирдің алтын медалін Ахметжан Есімовке көрсетті. Қала басшысы ойыншыларға әкімнің кубогы мен 5 млн теңгеге бағаланған сертификат берді.
Айта кетейік, алматылық «Қайрат» мини-футболдан 2 мәрте UEFA кубогын иеленді. Соңғы сайыс сәуірдің 26-сы күні Лиссабонда өткен болатын. «Қайрат» командасы испаниялық «Барселонаны» 3:2 есебімен тізе бүктіріп, турнирдің жеңімпазы атанды.


Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера