ФУТБОЛ: Гейнрих Қазақстан чемпионаты тарихындағы ең жылдам голды салды - kaz.caravan.kz
  • $ 497.33
  • 586.7
-4 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ФУТБОЛ: Гейнрих Қазақстан чемпионаты тарихындағы ең жылдам голды салды

ФУТБОЛ: Гейнрих Қазақстан чемпионаты тарихындағы ең жылдам голды салды

«Ордабасы» шабуылшысы Александр Гейнрих Затоболськте «Тобыл» қақпасына Қазақстан чемпионаты тарихындағы ең шапшаң голды соқты, деп жазды  Sports.kz.

  • 5 Мамыр 2015
  • 438
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрынғы ең жылдам салынған гол 2001 жылы 10 шілдеде Семейде «Елімай» көкшетаулық «Есілді» қабылдаған кезде тіркелген. Ол кезде алаң иелерінің шабуылшысы — гол авторы Юрий Митяев кездесудің 19-шы секундында қарсылас қақпасына доп дарытқан болатын.

«Ордабасы»  шабуылшысы Александр Гейнрих «Тобыл» қақпасына 18-ші секундта гол соғып, 1 секундқа рекордты жаңартты.