«Астана арландары» өз жанкүйерлері алдында өнер көрсетеді - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Астана арландары» өз жанкүйерлері алдында өнер көрсетеді

«Астана арландары» өз жанкүйерлері алдында өнер көрсетеді

Ертең Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде бокстан тартысты кездесулер басталады.

  • 22 Мамыр 2015
  • 393
Фото - Caravan.kz

Сенбі-жексенбі күндері Бүкіләлемдік бокс сериясы (WSB)  жобасының бесінші маусымының жартылай финалында еліміздің «Астана арландары» командасы мен Ресейдің «Рашн Боксин Тим» командасы өзара мықтыны анықтайды. Бұл — шешуші сынның бірі.

«Астана арландарының» бас бапкері Марат Жақиев жігіттердің жартылай финалға жақсы дайындықпен келгенін мәлімдеп отыр. Өз кезегінде ресейлік команданың бас бапкері Эдуард Кравцов та өз боксшыларының жерге қаратпайтынына сенімді.

«Спорт.kz» сайты алдағы болатын жекпе-жекке кімдер шығатынын жария етті. Сонымен 23 мамыр күні шаршы алаңға шығатын боксшылардың жұбы:

49 келіТеміртас Жүсіпов — Вадим Кудряков;
56 келі: Қайрат Ералиев — Владимир Никитин;
64 келіСамат Бәшенов — Григорий Лизуненко;
75 келіМейірім Нұрсұлтанов — Сухроб Сидиков;
91 келіге дейінВасилий Левит — Виталий Кудухов


Ал 24 мамыр күнгі кездесуде алаңға шығатын боксшылардың жұбы мынадай:

52 келі: Олжас Сәттібаев — Карен Арутюнян;

60 келіЗакир Сафиуллин — Артур Субханкулов;

69 келіАсланбек Шымбергенов — Якуб Нуриев;

81 келі: Нұрдәулет Жарманов — Эдуард Якушев;

91 келіден жоғарыЕркін Мұхамеджан — Дмитрий Зайцев

Осы бокс кешін «Дәулет» спорт кешенінен көріп, отандық командамызға жанкүйрлік жасау үшін билеттер сатылып жатыр. Билеттерді «Меломан» дүкендері желісінде, «Жастар» спорт сарайында, «Конгресс-Холл» және «Қазақстан» Орталық концерт залының кассаларынан алуға болады.

Қос команданың тартысты жекпе-жегін «Хабар» телеарнасы қазақстандық көрермендер назарына тікелей эфирде ұсынады деп күтілуде. 

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера