Астанада Олимпиада күні аталып өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Олимпиада күні аталып өтті

Астанада Олимпиада күні аталып өтті

Елордалық мәдениет және демалыс саябағында Олимпиада күнін ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы салтанатты түрде ашты, деп хабарлайды astana.kz.

  • 24 Мамыр 2015
  • 610
Фото - Caravan.kz


Биыл аталмыш шара Қазақстанда 2022 жылғы Олимпиада ойындарын өткізуді қолдауға бағытталды. 

Мерекелік жүгіруге еліміздің даңқты спортшылары, әлем чемпиондары мен Олимпиада жеңімпаздары қатысты. Шара барысында 800 және 1200 метр қашықтыққа жүгіру, «Олимпиада жарыстары» асфальтқа сурет салу байқауы, мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында сайыстар өткізілді.
«Олимпиада күнімен баршаңызды құттықтаймын. Барлық отандастарымыз спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстанса екен деймін. Қазақстан үшін бұл айтуы күн деп санаймын», — деді шараға қатысушыларға ыстық лебізін білдірген Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев. 
Еске сала кетейік, 1894 жылы 23 маусымда Пьер де Кубертен мен оның жақтастары қазіргі заманғы Олимпиада қозғалысын қайта қалпына келтіріп, Халықаралық Олимпиада комитетін құрған. Бірінші Дүниежүзілік Олимпиада күні 1948 жылы 23 маусымда аталып өтті. Оған 9 елдің Ұлттық Олимпиада комитеттері қатысты.

 

null 

null 

null 

null

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера