ФУТБОЛ: «Галатасарай» 16-шы рет Түркия Кубогын еншіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
0 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ФУТБОЛ: «Галатасарай» 16-шы рет Түркия Кубогын еншіледі

ФУТБОЛ: «Галатасарай» 16-шы рет Түркия Кубогын еншіледі

Стамбұлдық «Галатасарай» 16-шы рет футболдан Түркия Кубогына ие болды, деп хабарлады Vesti.kz.

  • 4 Маусым 2015
  • 379
Фото - Caravan.kz

Ақтық сында «Галатсарай»   3:2 есебімен «Бурсаспорды» жеңді. Жеңімпаздар командасынан Бурак Йылмаз жасындай жарқылдап, допты қарсыластар қақпасында үш рет тулатты (40-ші, 48- ші және 60-ші минуттар). «Бурсаспорда» Фернандао (27) мен Волкан Шен (58)  көзге түсті.

«Галатасарай»  ел Кубогын иеленуде рекордшы атанып отыр. Олар бұған 16 рет қол жеткізді. 

Осылайша, стамбұлдық клуб өз тарихында алтыншы рет бір маусымда екі ұлттық турнирде жеңімпаз атанды.  Соңғы рет «Галатасарай» мұндайтабысқа 1999/2000 жж маусымда ие болды, ол кезде құрама УЕФА Кубогын да ұтып алған еді.


Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера