бүгін Берлин қаласына ұшып кетті, деп хабарлады «Қайрат» командасының баспасөз қызметінен.
«Қарқынды жаттығу үдерісі аяқталды. Балалар бабында. Көңіл-күйлері көтеріңкі. Өйткені, бұл олар үшін ең алғашқы халықаралық турнир. Бұл турнирде бізге аздап ойын тактикасын өзгертуге тура келеді. Себебі, алаңда әр команда сапында 7 ойыншы бір қақпашы өнер көрсетеді», — деді «Қайрат» «U-15» командасының аға жаттықтырушсы Дмитрий Юрков.
15 жасқа дейінгі жас спортшылар Берлин қаласында 5-6 маусым аралығында Халықаралық «Футбол Достық үшін» әлеуметтік жобасы аясында көше футболы бойынша халықаралық турнирге қатысады.
Онда әлемнің 24 елінен келген жас командалар өнер көрсетеді. Өз әріптестерімен тілдесіп, тәжірибе алмасудан басқа, балалар, жобаның ғаламдық елшісі аты аңызғы айналған неміс футболшысы әрі жаттықтырушы Франц Беккенбауэрмен кездеседі.
«Қайрат» футбол клубы академиясының тәрбиеленушілері жеребе қорытындысы бойынша Зенит (Ресей), Chelsea Foundation (Ұлыбритания), Atletico de Madrid S.A.D. (Испания), Црвена Звезда (Сербия), Sparta Praha (Чехия) және басқа да атақты клубтардың академияларында оқитын замандастарымен кездеседі.
Турнир соңында барлық балалар УЕФА 2014/2015 Чемпиондар Лигасының финалын, яғни атақты «Ювентус» пен «Барселона» командаларының ойынын тамашалайды.
Халықаралық турнир осымен үшінші рет өтпек. Ал қазақстандық балғын футбошылар бұл додаға бірінші рет қатысқалы отыр.