Мигель Котто: Алдымен Альвареспен, содан кейін Головкинмен кездесемін - kaz.caravan.kz
  • $ 497.33
  • 586.7
-4 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мигель Котто: Алдымен Альвареспен, содан кейін Головкинмен кездесемін

Мигель Котто: Алдымен Альвареспен, содан кейін Головкинмен кездесемін

 72,6 келіге дейінгі салмақ санатында WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы Мигель Котто келесі кездесуін   

  • 8 Маусым 2015
  • 539
Фото - Caravan.kz


Сауль Альвареспен, содан кейін Геннадий Головкинмен өткізуге ниетті, деп хабарлайды sports.kz.

Еске сала кетсек, соңғы жекпе-жегінде ол әлемнің бұрынғы чемпионы автралиялық Дэниэль Гилді төртінші раундта ноакаутқа жіберді.

—  Келесі қарсыласым Альварес болады, — деген Коттоның сөзін келтіреді Boxingscene. — Бұл менің спорттық жолымдағы тек кезекті жекпе-жегім болмақ. Головкинмен дейсіз бе? Неге кездеспеске? Бірақ алдымен Альвареспен күш сынасып көргім келеді. Содан кейін егер Геннадий жұдырықтасуға ниет білдірсе, қарсы емеспін.