және энергетика министрі Каха Каладзе Астана қаласында 29 қыркүйек және 1 қазан аралығында өтетін X KAZENERGY Еуразиялық форумына қатысады.
УЕФА чемпиондар лигасын екі рет жеңіп алған Грузияның бес мәрте футбол чемпионы және жалғыз грузин футболшысының саяси қызметін бастағанына көп болған жоқ. Мемлекеттік қызметкер ретінде Каладзе елінің энергетика саласын дамытуға зор үлес қоса отырып, өзін саяси көшбасшы ретінде таныта алды, деп хабарлайды KAZENERGY қауымдастығының баспасөз қызметінен.
Еске сала кетейік, «Энергетиканың жаңа көкжиегі: әріптестік пен инвестициялардың тың мүмкіндіктері» X KAZENERGY Еуразиялық форумы Астана қаласында 2015 жылғы 29 қыркүйек пен 1 қазан аралығында өтеді. Бұл форум 10 жыл ішінде барлық энергетикалық өнеркәсіптер мен мұнай-газ саласының кәсіпорындарын біріктіретін беделді әрі ықпалды диалог алаңы болып қалыптасты. KAZENERGY Еуразиялық форумы Қазақстанның аса ірі салалық халықаралық шарасы болып табылады.
Форум бағдарламасында Халықаралық энергетикалық агенттік (IEA), Халықаралық жаңармалы энергия агенттігі (IRENA), Энергетикалық хартия хатшылығы, Дүниежүзілік мұнай кеңесі (WPC), Инженер-мұнайшылар қоғамы (SPE) және басқа да ұйымдардың сарапшыларымен бірлескен шаралар өткізу көзделген.
Ұйымдастырылған диалог алаңы шеңберінде ұлттық конференция, KAZENERGY жастар форумы, әйелдер энергетикалық клубының кезекті мәжілісі және басқа да шаралар өтеді.