Чемпионат.ком сайтынан алынған мәліметке қарағанда, осы жарыстың 12-інші, әлемнің 25-інші ракеткасы, беларусь қызы Виктория Азаренко аяғының жарақатына байланысты З.Дияспен кездесуден бас тартты.
Зарина ширек финалға шығу үшін осы турнирдің 6-ыншы ракеткасы, чехиялық Каролина Плишкова немесе британиялық Йоханна Контаның біреуімен күш сынасады.
Еске сала кетейік, жүлде қоры 665,9 мың АҚШ долларын құрайтын Бирмингем турнирінің алғашқы айналымында Зарина Дияс өткен аптада Голландияның Хертогенбос қаласында халықаралық турнирдің жеңімпазы атанған итальяндық Камила Джорджимен кездесуі тиіс болатын.
Алайда К.Джорджи бұл жарысқа қатысудан бас тартқаннан кейін Зарина бірінші кездесуінде іріктеу сайыстарынан өтіп, негізгі турнирге қосылған украин қызы Катерина Бондаренконы 7:6, 7:6 есебімен ұтқан еді.