ФУТБОЛ: Қазақстан мен Испания жолдастық кездесу өткізеді - kaz.caravan.kz
  • $ 497.33
  • 586.7
-3 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ФУТБОЛ: Қазақстан мен Испания жолдастық кездесу өткізеді

ФУТБОЛ: Қазақстан мен Испания жолдастық кездесу өткізеді

Қазақстан мен Испанияның ұлттық құрамалары 2016 жылы жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды Қазақстан футбол федерациясы ҚФФ бас менеджері Асқар Уранхаевқа сілтемемен.

  • 24 Маусым 2015
  • 442
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Vesti.kz жазады.

Уранхаевтың айтуынша, Қазақстан мен Испания құрамалары арасында жолдастық матч өткізу туралы келісім бар. Бас менеджер Қазақстан футболшылары бұрын-соңды бұндай деңгейде кездесу өткізіп көрмегенін айтады. Алайда ол бұл ойынның нақты қай күні болатынын айтпаған.

«Бұл келісімнің басты артықшылығы — біз осы ойын үшін бір тиын да төлемейміз. Алайда бұндай деңгейдегі кездесу үшін әдетте кемі 3 млн. еуро төлейді», — деді А.Уранхаев.


ҚФФ бас менеджерінің сұхбатын толығырақ мына сілтеме бойынша оқуға болады.