Месси Аргентина құрамасынан кетуінің себебін атады - ВИДЕО - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Месси Аргентина құрамасынан кетуінің себебін атады - ВИДЕО

Месси Аргентина құрамасынан кетуінің себебін атады - ВИДЕО

«Барселона» шабуылшысы Лионель Месси Аргентина құрамасы сапында біраз уақыт ойнамайтын болды. 

  • 9 Шiлде 2015
  • 513
Фото - Caravan.kz

28 жастағы футболшыға 2014 жылғы әлем чемпионатының финалында жеңіліс тапқаны және жуырда аяқталған Америка кубогы, сондай-ақ жанкүйерлердің оның отбасына шабуылдағаны қатты әсер етті.

Месси аргентиналық құрама бапкері Херардо Мартиноға өз шешімін жеткізіп, одан 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу сынына шақырмауды өтінді.
Месси ұлттық командада 2005 жылдан бері ойнап келеді. Ол құрамада 102 матч өткізіп, 46 гол соққан. 
Еске сала кетсек, 4 шілдеде өткен Америка кубогының финалдық ойынында Аргентина мен Чили құрамалары шеберлік сынасқан. Осы ойын кезінде жанкүйерлер трибунада отырған Мессидің жанұясын танып қалып, оларға шабуылдамақ болған. Тіпті, оның ағасы Родригоға зат лақтырған. Соның салдарынан анасы — Селия, әкесі — Хорхе және ағалары Родриго мен Матиас басқа жерге орын ауыстырған еді. 
Бұл ойында Чили құрамасы жеңіске жетті. 

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера