«Астана» - «Галатасарай» матчының билеттерi 2-10 мың теңге аралығында сатылады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
+7 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Астана» - «Галатасарай» матчының билеттерi 2-10 мың теңге аралығында сатылады

«Астана» - «Галатасарай» матчының билеттерi 2-10 мың теңге аралығында сатылады

 30 қыркүйек күнi «Астана-Арена» стадионында өтетiн «Астана» командасының «Галатасарай» командасына қарсы ойынның билеттерi 2-10 мың теңге аралығында сатылады.

  • 8 Қыркүйек 2015
  • 566
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгiн «Астана» футбол командасының  УЕФА Чемпиондар Лигасының топтық кезеңiне өтуiне арналған баспасөз мәслихатында белгiлi болды.

Журналистерiнiң сұрағына жауап берген «Астана» футбол клубының баспасөз хатшысы Марат Жұмабаевтың айтуынша, матч билеттерiне қатысты қосымша ақпарат команданың ресми сайты мен әлеуметтiк желiлердегi жеке парақшасында жарияланады.

«Бiз қазiр жанкүйерлерге барынша ыңғайлы болатын жолдарды қарастырып жатырмыз. Мүмкiн, электронды сатылымды iске қосармыз. Сонымен қатар, билеттердi сату пунктерiн көбейтемiз. Қосымша ақпарат жақын күндерi жария болады», — дедi М.Жұмабаев.

Естерiңiзге сала кетейiк, «Астана» футбол клубы Қазақстанның футбол тарихында УЕФА Чемпиондар Лигасының топтық кезеңiне өткен алғашқы команда. Ендi елорданың футбол клубы С тобында «Бенфика» (Лиссабон, «Португалия», «Атлетико» (Мадрид, Испания) және «Галатасарай» (Ыстамбұл, Түркия) командаларына қарсы ойын көрсетедi. Бұл квартетте «Астана» 15 қыркүйекте Португалияда «Бенфика» командасына қарсы ойнайды. Ал 30 қыркүйек күнi «Астана» өз алаңында «Галатасарай» командасына қарсы ойнайды.


Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера