Әйелдер арасында 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Фаина Сиванбаева біздің құрамамызға бір қола жүлде әкелді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Сиванбаева қоссайыс нәтижесі бойынша 229 (104+125) келі көтерген. Бұл ретте жұлқа көтеруден кейін екінші орында келе жатты. Жарыста 240 (105+135) келі көтерген қытайлық спортшы Жу Веню жеңімпаз атанды. Екінші орында жалпы 233 (103+130) келі көтерген Таиланд ауыр атлеті Сирикаев Пимсири тұрақтады.