Нариманның айрандай ұйыған отбасы аяқ астынан астаң-кестең болған. Демалыста оқудан келген қызы күрт өзгеріп кетіпті. Оның үстіне, қылмыңдаған көңілдесі де күтпеген жерден пайда бола қалмасы бар ма?! Күн сайын ұрыс-керіс көбейіп, шаңырақтың шырқы бұзылып бара жатыр. Қайтпек керек? Толығырақ «Әйел қырық шырақты» телехикаясының ертеңгі бөлімінен көре аласыздар. Айта кетейік, әр бейсенбі және жұма күндері сағат 19:30-да КТК арнасынан көрсетілетін жаңа сериал келесі күні 18:30-да қайталап беріледі.