«Әйел-қырық шырақты»: Құрсақ көтермеген келін енесінен таяқ жеген - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 «Әйел-қырық шырақты»: Құрсақ көтермеген келін енесінен таяқ жеген

«Әйел-қырық шырақты»: Құрсақ көтермеген келін енесінен таяқ жеген

Құрсақ көтермегені үшін енесінен таяқ жеген келін! КТК арнасыдағы «Әйел қырық шырақты» телехикаясының ертеңгі бөлімінде осындай оқиға баяндалады.  

  • 18 Қыркүйек 2015
  • 2136
Фото - Caravan.kz

— Әкелші маған шәйіңді көрейін! Мынау шәй ма, әлде жуынды ма?

 — Мама, сізге қалай құяйын?

 — Өй, әкелші бері шәйнекті! Өзім құям!

Енесі түртпектей берген бұл келін құрсақ көтермегені үшін кінәлі болған. Ақ жаулық таққанына көп болмаса да, өшігіп алған ене бірден тумадың деп Айсұлуды әбден жазғырған. Амалы таусылған келіншекке тіпті күйеуі де жақтаспайды. Керісінше, анасының азғырғанына еріп, қосағына қысым жасайды. Деректі драмада кейіпкерлерді актерлер сомдағанымен, оқиға шынайы өмірден алынған. Көптеген әйелдерге таныс оқиғаның немен аяқталатынын білгіңіз келсе, ертең 19:30-да «Әйел қырық шырақты» телехикаясын өткізіп алмаңыз.