Петропавл қаласының қоғамдық тыныштығын күзетуге қырағы иттер шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавл қаласының қоғамдық тыныштығын күзетуге қырағы иттер шықты

Петропавл қаласының қоғамдық тыныштығын күзетуге қырағы иттер шықты

Тәртіп сақшыларының төрт аяқты достары күнбе-күн кезекшілікке түсіп, көше аралайды, - деп хабарлады 24.kz.

  • 21 Қыркүйек 2015
  • 383
Фото - Caravan.kz

Полицейлердің айтуынша, бұл иттер әсіресе ұрлық-қарлық секілді қылмыстардың ізін суытпай ашуға сеп болады. Әділ Қалин өзінің сенімді серігі Мегамен кезекті кезекшілікке түсті. Екеуі аула-аулаларды аралап, қоғамдық тәртіпті қадағалайды. Көбіне-көп оларға қылмыскерлер емес, қала тұрғындары кездеседі.

Әділ Қалин, кинолог-полицей:

— Өздеріңіз көріп тұрғандай, иттер балаларға тиіспейді. Өте сезімтал. Бірақ біздің бұйрығымыз бойынша қылмыскерді ұстайды. Иісшіл иттер кинология орталығында бапталады. Юта орыс спаниель тұқымдас төбеті тек қана Наталья Калиниченконың бұйрығын орындайды. Екеуі бір-бірін бір қарағаннан-ақ түсінеді.


Наталья Калиниченко, кіші кинолог-нұсқаушы:

— Бірде Юта бұйрығымды орындамап еді ұрыс астына алдым. Ол ренжіп, мүлдем жұмыс істемей қойды. Сол үшін өз-өзімді кешіре алмадым. Ит иттігін жасайды. Кинологтар бұл пікірмен келіспейді. Жыл басынан бері орталық төбеттері 400-дей қылмыстың бетін ашып, 8 келідей есірткі затын тапқан. Енді олар қала көшелерін де күзетпек.