ОҚО-да ірі жол апатынан 22 адам зардап шегіп, бір бүлдіршін қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО-да ірі жол апатынан 22 адам зардап шегіп, бір бүлдіршін қаза тапты

ОҚО-да ірі жол апатынан 22 адам зардап шегіп, бір бүлдіршін қаза тапты

ОҚО-да ірі жол апатынан 22 адам зардап шекті, бір кішкене бала қаза тапты.

  • 21 Қыркүйек 2015
  • 367
Фото - Caravan.kz

Жедел медициналық жәрдем ауруханасындағы қабылдау бөлімі түнде оларға түрлі жарақаттармен 22 адам және мерт болған бір жарым жастағы бүлдіршіннің мүрдесі жеткізілгенін айтты.

Тексеруден кейін 5 бала облыстық балалар ауруханасына жіберілді, 3 адам ем алуда, тағы бір зардап шегушінің халі ауыр, ол жан сақтау бөлімінде жатыр.

Зардап шеккендердің бірі Қазығұрт аудандық ауруханасында жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын орташа ауыр деп бағалауда, ер адам ми жарақатын алған.

Қалған зардап шегушілер алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ауруханаға жатудан бас тартты.


Алдын ала деректер бойынша, апат КамАз көлігінің тежегіші істен шығып, жолдағы 10 көлікті соғып өтуі салдарынан орын алған.