Жаңаөзендегі мұнай қалдықтарын сақтау орнында болған өрттен екі адам жапа шеккен - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаңаөзендегі мұнай қалдықтарын сақтау орнында болған өрттен екі адам жапа шеккен

Жаңаөзендегі мұнай қалдықтарын сақтау орнында болған өрттен екі адам жапа шеккен

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің алдын ала деректері бойынша Жаңаөзендегі мұнай қалдықтарын сақтау орнында

  • 21 Қыркүйек 2015
  • 457
Фото - Caravan.kz

ірі өрттің тұтануына өндірістік және еңбек қауіпсіздігі тәртібінің бұзылуы себеп болған.

Бұл туралы бүгін ОКҚ өткен брифингте ҚР Инвестиция және даму министрлігі индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрбек Құнанбаев мәлім етті.

"Онда тез тұтанатын заттар сақталатын бөшкелердің жанында дәнекерлеу жұмыстары жүргізілген. Яғни өндірістік және еңбек қауіпсіздігінің ережелері бұзылып отыр. Содан от шыққан, өкінішке қарай, нәтижесінде екі адам зардап шекті", — деді ол.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта шығын есептеліп жатыр. Мұнай қалдықтарын сақтау бөшкелері қолдануға жарамсыз.

"Өрт бойынша зерттеу жұмыстары жалғасуда, себептерін тағы анықтай жатар. Алдын ала болжам бойынша, онда арнайы даярлаудан өтпеген қызметкерлер жұмыс істеген", — деп атап өтті Н. Құнанбаев.

Министрліктің мәліметтері бойынша, жапа шеккен адамдар — дәнекерлеу жұмыстарын жүргізуге келген қызмет көрсету компаниясының жұмысшылары.


"Олар дәнекерлеу жұмыстарын бастамас бұрын, алдымен бөшкені тазартып, ішін бумен өңдеу керек еді. Олар оны істемеген. Әрине, содан өрт шыққан", — деді комитет төрағасының орынбасары.

Еске салсақ, 18 қыркүйекте сағат 17.05-те мұнай төгетін алаң өртенді. Жалын алаңы 10 000 шаршы метрді қамтыды. Жалын ошағы 19 қыркүйекте 23 сағат 34 минутта оқшауланды. 20 қыркүйекте сағат 07.31-де өрт толықтай сөндірілді. Бұған 35 бірлік арнайы техника, жеке құрамнан 144 адам тартылды.