Елімізде 10,6 млн. тонна астық бастырылды - Б.Сағынтаев - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде 10,6 млн. тонна астық бастырылды - Б.Сағынтаев

Елімізде 10,6 млн. тонна астық бастырылды - Б.Сағынтаев

Елімізде 10,6 млн. тонна астық бастырылды.

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі бри

  • 22 Қыркүйек 2015
  • 617
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ел Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.

«Биылғы жылы көктем кеш шықты. Осыған байланысты егістік жұмыстары да кешірек басталған болатын. Мұнан бөлек, басқа дақылдарды егу кезеңінде де бірқатар өңірлерде ауа райы қолайсыз болды. Маусым айында жауын-шашын қажетті мөлшерден кем түсті. Бірақ, соған қарамастан биылғы жылы егін жинау жұмыстары өз мерзімінде басталып, жоспар бойынша жүргізілуде», — деді ол.
Оның атап өтуінше, егін жинау жұмыстарын қаржыландыруға фермерлердің өтінімдері бойынша 60 млрд. теңгеге жуық бюджет несиесі берілді. 421 мың тонна жанармай жеңілдетілген бағамен бөлінді. Оның ішінде бүгінгі күні фермерлерге 300 мың тонна жанармай жеткізілді. «Астық қабылдау кәсіпорындары мен фермерлерде астық сақтауға арналған сыйымдылықтар 26 млн. тоннадан асып жығылады. Бұл көлем жаңа егін мен өткен жылғы астықты сақтауға жеткілікті», — деді Б.Сағынтаев.
Оның сөзіне қарағанда, биыл елімізде 17,3 млн. тонна астық бастырылады деп күтілуде. Мұнан бөлек қоймаларда сақталған  5 млн. тонна өткен жылғы астық бар. 
«Бүгінгі күні әкімдіктер берген мәліметтерге сәйкес 9,1 млн. гектар алқаптың дәнді-дақылы жиналды. Бұл жалпы егістік алқабының 62 пайызын құрайды. Өнімділігі гектарына — 11,6  центнер. Өткен жылмен салыстырғанда — 0,7 центнерге артық. 10,6 млн. тонна астық бастырылды», — деді Үкімет басшысының бірінші орынбасары.