Еуразиялық экономикалық комиссия баспасөз қызметінің хабарламасынада айтылғандай, Норвегияның ЕЭАО-ға кіру мәселесінің гипотетикалық сипаты бар, деп хабарлады РБК.
Норвегиялық Finansavisen газеті ЕЭК экономика және қаржылық саясат министрі Тимур Сүлейменовке Норвегия ЕАЭО-ның гипотетикалық мүшесі бола ала ма деп сұрақ қойған болатын.
«Иә, белгілі бір жағдайда Норвегияны одақ мүшесі ретінде көргіміз келеді. Алайда кеңейту жайында жедел жоспарларымыз жоқ: ЕАЭО-ға жақында Армения мен Қырғызстан қосылды», — деп жауап берді Сүлейманов.
Бұдан бұрын The Local басылымы Finansavisen-ға сілтеме жасап, мүшелері посткеңестік елдер болып табылатын ЕАЖО «одақ күтпеген жерден Норвегияны мүше болуға шақырды» деп хабарлады.
ЕАЭО құру туралы шарт 2015 жылғы 1 қаңтарда күшіне енді. Құрамында Ресей, Беларусь, Қазақстан бар. 2015 жылғы қаңтарда ЕАЭО-ға Армения, мамырда Қырғызстан Республикасы қосылды.