«Біздің ертеңгі күніміз жарқын болсын! Әрқашанда еліміз аман, жұртымыз тыныш, бірлігіміз берік болсын!» — деді әкім айт намазына жиналған қауымға.
Айт намазы аяқталған соң мешіттің ішкі ауласында құрбан шалу рәсімі болды. Аймақ басшысының атынан да құрбандық малы шалынды.
Сондай-ақ мешіттің сыртындағы алаңда мереке ұйымдастырылды, ұлттық ойындар ойнатылып, әртістер өнер көрсетті.
Бердібек Сапарбаев Ақтөбедегі басқа екі мешітте де болды: Орталық қалалық мешіт пен «Нұрдәулет» орталық мешітінде жамағатты Құрбан айт мерекесімен құттықтады.
«Құрбан айт мерекесінде ниет-тілектеріңіз қабыл болып, үй іштеріңізге береке мен бірлік алып келсін!» — деді әкім құттықтауында.