Павлодар өңірінің қымызы шет елдерге экспорттала бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар өңірінің қымызы шет елдерге экспорттала бастады

Павлодар өңірінің қымызы шет елдерге экспорттала бастады

Павлодар өңірінің қымызы шет елдерге экспорттала бастады. Бұл туралы бүгін осы облыстың әкімі Қанат Бозымбаев мәлім етті.

  • 25 Қыркүйек 2015
  • 717
Фото - Caravan.kz

«Қымыз өндіру өнеркәсіптік негізде қолға алынды. Бүгінде бұл сусын шыны және пластикалық ыдыстармен бірнеше елге экспортталып жатыр», — деді облыс әкімі.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін елордада Астана әкімдігі мен Павлодар облысының әкімдігі арасында сауда-экономикалық қатынасты жүзеге асыру жөніндегі меморандумға қол қойылды. Бұл құжатты Астана  әкімі Әділбек Жақсыбеков пен Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев бекітті.

 «Бұл келісім ең алдымен ішкі нарықты дамыту, сондай-ақ отандық азық-түлік өнімдерін жеткізу бойынша ынтымақтастықты кеңейту тұрғысында Елбасының тапсырмасын орындауға бағытталған»,-деді елорда әкімі Әділбек Жақсыбеков.